06.05.2023
Қазақстандағы Ұлы Жеңіс күнін мен Отан қорғаушылар күні бірінен соң бірі қатар келетін екі бірдей мереке.
Біздің балабақшада ересек және мектепалды топтары балаларына арналған «Менің есімде және мақтан етемін!» атты іс-шара өтті.
Балалар соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы бейнеролик көріп, Жеңіс туралы өлеңдер оқыды. "Рухани жаңғыру " мұражайында Әдемі Қанағатқызы Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы әңгімелеп, олардың фотосуреттерін, марапаттарын, жеке заттарын көрсетті.
Тәрбиеленушілеріміз қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне барып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
Күннің екінші жартысында ата-аналармен Отан қорғаушылар күніне арналған «Отан үшін күзет» атты спорттық іс-шара өткізілді.
Қатысушылар дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Балаларымыз соғыстың сұмдығын білмесін деп тілейміз.