ЕСІЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ГҮЛДЕР" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ГҮЛДЕР" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА

Мемлекеттік қызметтер

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы №1 «Гүлдер» бөбекжай- балабақшасы" МКҚК

 

 

         Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2023 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

  1. Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы №1 «Гүлдер» бөбекжай- балабақшасы" МКҚК, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы, Ватутин көшесі, 26.

 

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

  2023 жылы 58 қызмет көрсетілді;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 0;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 53;

қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 5.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

 

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

                Қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://ds0001.esil.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754   

білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сондай-ақ барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мен  ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2023 жылы  «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы №1 «Гүлдер» бөбекжай- балабақшасы" МКҚК  әлеуметтік желілерде ақпаратты жариялады. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде Аkmola.kz порталында жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әрі қарай білікті артып отыруды жалғастырамыз.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің әдіскерімен  бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ.  Мемлекеттік қызметтерде бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

           2024 жылы қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №1 «Гүлдер» бөбекжай- балабақшасы» МКҚКнің 2023 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

 

         1. Көпшілік талқылауды өткізу күні: 2024 жылғы 1 наурыздан – 31 наурыз аралығында.

         2. Көпшілік талқылауды өткізу әдісі: 1 наурыз 2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №1 «Гүлдер» бөбекжайы» сайтында https://ds0001.esil.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754           

         3. Көпшілік талқылау өткізу туралы хабарландыру әдісі: 2023 жылғы   21 ақпанда «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №1 «Гүлдер» бөбекжайы»» МКҚК сайтында https://ds0001.esil.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754     ақпаратты орналастырылды.

         4. Көпшілік талқылау қатысушыларының ұсыныстары және (немесе) ескертулер тізімі: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №1 «Гүлдер» бөбекжайы» көпшілік тақылау бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулері, сондай-ақ ресми интернет-ресурсында келіп түспеді.

 

№ р/р

Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізілген ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні

Көпшілік талқылау аясында келіп түскен ұсыныстар және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны

Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет

Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау не қабылдамау бойынша негіздер

Ескерту

1

2

3

4

5

6

-

-

-

-

-

-

 

 

 

 

 

№ п/п Коды қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді Атауы қызметтер Нысанын жүктеу Қызмет online
1 2 3 4 5
1 403001 Мектепке дейінгі ұйымдарына жолдама беру үшін мектепке дейінгі балаларды кезекке қою (6 жасына дейін)

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 24.01.2023 16:08
Құрылған күні: 05.04.2024 16:39

Ұйымдар тізімі
Текст