ЕСІЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ГҮЛДЕР" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ГҮЛДЕР" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА
30.04.2026
Аудандық семинар аясында келесі іс-әрекеттер жүргізілді:1.Танымдық іс-әрекет, лимон арқылы балалардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Балалар қышқылдың қасиеттерімен танысып, қарапайым тәжірибелер жасап, қорытынды шығарады. 2.Балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыратын және тәжірибе жасауға баулитын іс-әрекет. Бақылау, тәжірибе және танымдық белсенділікті дамыту қамтылады. 3.Судың адам мен табиғаттағы маңызын түсіндіретін білім беру іс-әрекеті. Балалар судың қасиеттерін және рөлін тәжірибе арқылы зерттейді.4.«Адал азамат» бағдарламасы аясындағы көрме балалардың адалдық, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған. 5.Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша тәжірибелік шеберлік сағаты.


