ЕСІЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ГҮЛДЕР" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ГҮЛДЕР" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА

Наши мероприятия

                                   « Отан деп соққан жүрегі»

Ақмола облысы Есіл қаласы МКҚК №1 «Гүлдер»б/б жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік іс-шара

 

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Осындай тамаша күнге ,бейбіт заманға жеткеніміз сіздердің арқаларыңыз.Біз сіздердің Отан үшін аянбай өмір қиған ерліктеріңізді естен шығармаймыз.

    Бүгін тұңғыш елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған кабинетімізде жерлестеріміздің ,олардың ұрпақтарының құрметіне арналып , «Ардагерлер бұрышы» ашылмақшы.

 

Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір,төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.

Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін,

Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.

Жауды жаншып,Отанды азат еткен,

Құрметтеп қарсы алады жеңіс күнін!

 

Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.4 жылға созылған қанды қырғында қаншама адам көз жұмды. Ана баласынан,бала әкесінен айырылса,қаншама әйел жарынан айырылып зар жылады.Өмір мен өлім үшін жанталасқан талай боздақтарымыз елге аман-есен оралғанымен мүгедек боп ,қасырет шеккендер қаншама.Осындай бейбіт күннің қадірін біліп, еліміздің тәуелсіздігі мәңгілік болсын,балалар мен аналар  енді жыламасын дегеннен басқа артық тілек жоқ бүгінде.Ауданымыздан соғысқа аттанып аман оралғандар мен қатар із-түссіз жоғалғандар да қаншама... (Есіл аданынан аттанған Ұлы Отан соғысынығ жауынгерлерінің тізімі атап өтіледі.)

Бүгін ортамызда кешіміздің арнайы қонақтары  өмірден өткен ардагерлеріміздің ұрпақтары.Енді сөз кезегін беріп,лебіздерін білсек.

Арнайы қонақ ардагер Досанов Әбіләшімнің қызы – Досанова Роза Әбіләшімқызы

Ардагер Әлібеков Сейітжанның баласы- Әлібеков Сейілжан

Ардагер Айғайбеков Байзулланың қызы – Айғайбекова Алтынай Байзуллақызы

Ардагер Алабин Николай Антоновичтың қызы – Саржевсая Ирина Николайқызы

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Усупов Серғали Молдахметұлы

(Бүлдіршіндердің өнерін тамашалау)

Енді сіздерді «Рухани жаңғыру» кабинетінен ашылған ардагерлер бұрышын тамашалауға шақырамыз.

Жаңартылған күні: 24.05.2019 14:51
Құрылған күні: 13.05.2019 16:54

Ұйымдар тізімі
Текст