13.04.2023
12 сәуір – Ғарышкерлер күні.
Күні бойы балалармен 12 сәуір күніне арналған көптеген жұмыстар атқарылды. Олар ғарыш туралы, Күн жүйесіндегі планеталар, жұлдыздар мен шоқжұлдыздар туралы әңгімеледі.
«Мен ғарышты қалай көремін» тақырыбына сурет салынып, зымырандар жасалды.
Мектепалды даярлық тобының балалары дене шынықтыру сабағында ғарышкер болуға дайындалды.
«Тұңғиық ғарыш» балалар суреттерінің көрмесі және «Ғарышқа жол» қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Оған ата-аналар мен балалар қатысты. Күн қызықты және оқиғаға толы болды.