ЕСІЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ГҮЛДЕР" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ГҮЛДЕР" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан туралы балалардың білімін бекіту, сөз құрау, жұмбақтар шешу, жаңылтпаштар айту. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, берілген сұрақтарға шапшаң, әрі дұрыс жауап бере білуге, дүниетанымын кеңейтуге баулу.
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыйластыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі кеспе Туу Елтанба
Сабақтың барысы Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане, амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме?
Қатар - қатар тізіліп
Оқушыға ылайық.
Қолымызды түсіріп,
Түп түзу боп тұрайық.
Бірінші қатар жәй отыр,
Екінші қатар тез отыр.
Балалар, біз бүгінгі сабақты ойыннан бастасақ. Қане айтыңдаршы, үстелдің үстінен нені көріп тұрсыңдар?
Асықтар
Ал енді тақтаға қарайық. Бұл жерде ертегі кейіпкерінің аты жасырылған.
Оның кім екенін конфеттегі тапсырманы орындаған соң ғана білетін боламыз.
1 - тапсырма. 1. Жыл мезгілдерін ата.
2. Ай аттары.
3. Бір аптада неше күн бар?
4. Бүгін аптаның қай күні?
1.Қай Республикада турамыз ?
2.Қазақстан Елбасы кім ? 3.Қазақстанда қандай қалалар бар ?
Тапсырманы орындадық конверті ашайық.
2 - тапсырма. Кім Қазақстан туралы тақпақтар біледі ?
3 - тапсырма. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады ?
1.Біздің ата-бабаларымыз қай үйде тұратын ? Кигіз ұй 2.Әжелер қай бас киім киетін ? Кимешек 3.Жас қыздар қандай бас киім киетін ? Сәукеле 4.Аталардың бас киімдері ? Тақия Тімақ Бөрік
3-Тапсырма
Тосын сәт (Сандық) Сергету сәтті
4-Тапсырма
Біз қай қалада тұрамыз ? Сендер қай балабақшаға барып жатысындар ? Топтың аты қандай ?
5-Тапсырма
Сиірдің сүтінен не істеуге болады ? Жылқы қандай сүт береді ?
6-Тапсырма
Әріптерден сөз құрау Отан, Қазақстан ,Нур-Султан
7-Тапсырма
Мақал-мәтелдерді жалғастыр
1.Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
2.Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.
3. Отан от басынан басталады.