ЕСІЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ "ГҮЛДЕР" БАЛА БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ ДЕТСКИЙ САД "ГҮЛДЕР" ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ЕСИЛЬСКОГО РАЙОНА


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Рухани жаңғыру кабинетіне саяхат

24.05.2019

Ақмола облысы Есіл қаласы МКҚК №1 «Гүлдер»б/б

 

 

 

     Балабақшада «Рухани жаңғыру» кабинеті жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді.Ұжымдағы педагог қызметкерлердің ізденімпаздығы арқасында кабинет үнемі құнды мәліметтерге толысып отырады.

     Жуырда ғана Ұлы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында жауынгер ардагерлеріміз бен олардың ұрпақтарына арналып «ақпараттық бұрыш» ашылды.Балабақша тәрбиеленушілерін мұнда экскурсияға әкелу әдетке айналған.Әр тәрбиеші- өзінің тәрбиеленушілеріне кабинетте қойылған мұрағаттар жайлы айтып таныстыруды міндеттері деп біледі.

      Бүгін де әдеттегідей ересек «Аққу» тобы мен «Қызғалдақ» естияр тобы тәрбиеленушілері «Рухани жаңғыру» кабинетінде болып,халқымыздың тұрмысымен ,дәстүр-салтымен танысып,Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігі,батырлығы жайлы құнды мәліметтер алды.

    Балалардың осындай көрген-білгенінің арқасында адамгершілік,Отансүйгіштік тәрбиелерінің қалыптасатыны анық.

 

 

 

     Балабақша- тәрбие ошағы.Балаға әуелі ата-анасы ,кейінгі  тәрбие баспалдағы балабақша екені бәрімізге белгілі. Жалпы балабақшада баланы тәрбиелеп оқытуда үштік одақ –бала-ата-ана-балабақша деген ұғымды бөліп қарау мүмкін емес.

    Бақшамызда ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар атқарылады.Ата-аналардың балаларын тәрбиелеп қана қоймай,оларға да,яғни,жас ата-аналарға танымдық мәліметтер беріп отырамыз.

     Атап айтсақ, «Рухани жаңғыру» кабинетін тамашалауға балалармен қатар үлкендер , яғни, ата-аналар да қызығушылық танытады.Олар халқымыздың өткені мен тарихын біліп,көне дәстүр-салтын,тұрмыстық өмірін қызыға тамашалайды.

   Олар өз балаларының осындай тамаша ,тарихы тереңде жатқан балабақшада тәрбиеленіп жүргенін мақтан етеді.

 

Просмотров: 658


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст